Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Республикалық референдум өткізу туралы.
06-05-2022 12:05
Республикалық референдум өткізу туралы.

Кеше, 2022 жылғы 5 мамырда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шығарылды.

Конституцияға түзетулерді қабылдау үшін жалпыға бірдей халықтық дауыс беру бюллетеньде мәселенің мынадай тұжырымы бар түзетулердің жалпы тізімімен өтетін болады: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба».

«Конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде трансформациялауға бағытталған. Түзетулер «суперпрезиденттік»басқару формасынан ықпалды Парламенті және есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекітуге арналған», - деп хабарлады Қ.К. Тоқаев бейнеөтінішінде.

Біздің елімізді елеулі өзгерістер күтіп тұр, оның қозғаушы күші конституциялық реформалар мен республикалық референдумға қойылған мәселелер болмақ. Бұл реформалардың мәні елдегі демократияны нығайту, әрбір азаматтың мемлекет істеріне қатысу мүмкіндігін арттыру болып табылады. Сондықтан Президент Конституцияға енгізілетін түзетулерді талқылап, оларды көпшіліктің шешімі негізінде қабылдауға ниетті.