Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттан құттықтау
11-05-2022 12:17
Депутаттан құттықтау

Облыстық мәслихаттың депутаты «AMANAT»партиясы атынан Гүлнар Қайдарова Жеңіс Күні қарсаңында ардагерлерге барып, сыйлықтар табыс етті.

Соғыс ардагері, соғыс қимылдарына қатысушы Василий Иванович Григораш Кеңес Әскері қатарына 17 жасында шақырылды. Қиыр Шығыстағы Жапониямен соғыстағы жауынгерлік еңбегі мен ерекше жетістіктері үшін медальдармен және грамоталармен марапатталған.

1951 жылдан Павлодарда тұрады. Сол жылы локомотив депосына жұмысқа орналасты. Кәсіпорнында өз мамандығы бойынша пенсияға дейін жұмыс атқарды.

Тыл еңбеккері Нина Сергеевна өзі бізге есікті ашып, қонақ бөлмеге кіруге шақырды. Қартайғанына қарамастан, ол өздігінен қозғалады, қонақтарды қуана қарсы алады.

Лебяжі ауданының Черное ауылында дүниеге келген. 5 жасында оның отбасы облыс орталығына көшіп келді. 16 жасында Октябрь зауытына жұмысқа тұрды және онда 40 жыл жұмыс атқарды.

Тыл еңбеккерлері күш-қуатын аямай, қажымай көптен күткен жеңісті жақындатуға көмектесті. Нина Сергеевна екі ұл тәрбиелеп өсірді, немерелері мен шөберелері бар, олар оны қараусыз қалдырмайды, үйін таза және жайлы ұстайды.

Ардагерлерді аралап, әңгімелесіп отырып, мен төзімділікке, әзілдіктеріне, батылдыққа, жақсы рух пен жанқиярлыққа тәнті болудан жалықпаймын.

Ардагерлер ұрпағы мүлде басқа, олар арамдық, жеке мүдде, көреалмаушылыққа жат. Олар асыл, жомарт, нағыз адамдық мінезді бағалайды.

Ардагерлеріміздің мемлекет қамқорлығында болып, туған-туыстарының, балалары мен немерелерінің қамқорлығы мен жылы лебізіне бөленіп жүргендері қуантады.

Ардагерлерімізге денсаулық, қажымас қайрат, амандық тілеймін!