Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жеңіс Күнімен!
09-05-2022 12:31
Жеңіс Күнімен!

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің әрқайсымыз үшін, әр отбасы үшін – бұл бүкілхалықтық ұлы мерекелердің бірі.

Қазақстанда соғыстың ауыр жылдары, оның ауыртпалығы мен шығындары әсер етпеген отбасы жоқ.

Бұл күндері біз Отанымыздың тыныштығы мен бостандығы үшін өз өмірін қиғандарды ерекше ризашылықпен еске аламыз, олардың батылдығы, борышқа адалдығы мен Отанына деген сүйіспеншілігін мәңгі есте сақтаймыз.

Майдан даласында соғысқан, соғыс ардагерлеріне және Жеңіс қаруын қағған тылда еңбек еткен, тыл еңбеккерлеріне терең алғысымызды білдіреміз.

Бүгінгі біздің парызымыз – сіздердің жауынгерлік және еңбектегі ерліктеріңізді есте сақтау, әлемді қорғау!

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық тілейміз, әр үйде бейбітшілік пен амандық болсын.

Құрметті майдангерлер және тыл еңбеккерлері сіздерге тағзым етеміз!

Жеңіс Күнімен!