Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Заседание партийного актива
12-05-2022 09:33
Заседание партийного актива

11 мамырда партия активінің отырысы өтіп, онда Конституцияға өзгерістер мен штабтардың ақпараттық - түсіндіру жұмыстары бойынша жұмыс алгоритмі талқыланды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында аймақтық сайлауалды штаб құрылды, оның құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, партия ардагерлері мен жастар кірді. Осыған ұқсас қағидат бойынша қалалар мен аудандарда қоғамдық аумақтық партиялық штабтар құрылды, олардың төрағалары AMANAT партиясы филиалдарының атқарушы хатшылары болып табылады.

«Бүгін біз-депутаттық корпус өкілдері, халық қалаулылары, саяси партиялар басты заңға өзгерістер енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуымыз керек», - деді облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов.

Облыстық штабтың басшысы Илья Терещенко штабтың алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтіп, Мемлекет басшысының бастамасын бүкілхалықтық қолдауға және өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырды.Жалпыхалықтық референдумда дауыс беру үшін негізгі заңның 33-бабына түзетулер әзірленді, ал бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі.
Ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін облыстық штаб мүшелері өңірдің барлық аудандары мен қалаларына барып, жұртшылықпен кездесулер өткізіп, ұсынылған Конституциялық түзетулердің мазмұнын халыққа жеткізеді.