Тренинг

К.Аденауэр атындағы қордың қолдауымен «Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Тиімді коммуникациялар: тәжірибе, заңнама, халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы тренингке облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Талқыланған тақырыптар мен сессиялар: дағдарысқа қарсы коммуникациялар, әлеуметтік желілермен жұмыс, баспасөз қызметтерінің қызметін заңнамалық реттеу, ақпаратқа қол жеткізу процедуралары мен құралдары.
Мұндай тренингтер заман ағымына ілесуге, осы тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.