Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттар облыс орталығының театрына барды
13-05-2022 17:00
Депутаттар облыс орталығының театрына барды

Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов әріптестері Динара Айтжанова, Гүлнара Қайдарова, Дулат Әбетжанов, Аурика Дяк, Марина Стрелковская, «AMANAT»партиясыатынандепутаттары облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова, қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның қатысуымен Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрына театр жұмысымен танысып, ұжыммен кездесіп, барып қайтты.

Депутаттар театр ұжымымен алдағы референдум және Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер туралы және әрбір азаматтың осы жалпыхалықтық дауыс беруге қатысуы қаншалықты маңызды екенін айтты.

Кездесу барысында театр ұжымы депутаттарға тұрғын үй сатып алу немесе актерлерге арналған Отбасылық үлгідегі жаңа жатақхана салу, гастрольге шығу және театр декорацияларын тасымалдау үшін автобус сатып алуға ақшалай қаражат бөлу мәселесімен жүгінді.  Сондай-ақ, театр қызметкерлері театрға «Академиялық театр» мәртебесін беруге көмектесуді сұрайды.

Депутаттар жас әртістерге арналған жатақханада болып, жатақхана ғимараты техникалық жай-күйі бойынша қауіпсіздік пен жайлы тұруды қамтамасыз етудің заманауи талаптарына жауап бермейтініне өздері көз жеткізді.  

Театр теңгерімінде тозған күйде тұрған 2 автокөлік құралы бар, бұл Қазақстанның барлық облыстары бойынша мәдени іс-шараларды өткізу кезінде гастрольге шығу кезінде қолайсыздық тудырады.

Сонымен қатар, депутаттар А.П. Чехов атындағы облыстық драма театрының қызметкерлеріне арналған жатақханада болды, ол да күрделі жөндеуді қажет етеді.

Барлық сұрақтар депутаттардың бақылауына алынды.