Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Экология және қоршаған ортаны қорғау туралы
17-05-2022 18:25
Экология және қоршаған ортаны қорғау туралы

Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның, "AMANAT" партиясы жанындағы өңірлік қоғамдық экологиялық кеңестің және облыстық Қоғамдық кеңестің экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыруды тиімді бақылау бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу туралы мәселе қаралды. 

"AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде "өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасында санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру алаңын ұлғайту" 44-тармағын іске асыру шеңберінде (жыл сайын жерсінуінің кемінде 70%  бар 17 мың ағаш отырғызу көзделген). Ұсыныстар өнеркәсіптік кәсіпорындардың СҚА көгалдандырудың нақты деңгейін бағалау үшін ғарыш түсірілімінің деректерін пайдалануға қатысты. 2019 жылы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ғарышты зерттеу нәтижелерінің деректерін алғаш рет қолданды, онда бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың белгіленген нормаларға сәйкес келмеу фактілері анықталды.СЭБД басшысы Әлиев Батырбек "Ғарыш Сапары" деректеріне қол жеткізуге және оларды жоспарлы рейдтер жүргізу кезінде қолдануға байланысты проблемалық мәселелерді көтерді. Экология департаменті басшысының облыс бойынша орынбасары Мағзұм Кукумбаев және жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Медет Шулаков кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастаманы қолдады. Осы мәселе аясында қатысқан қоғам белсенділері өз ұсыныстары мен бастамаларын енгізді.

Облыстық мәслихат депутаттары Ирина Чидунчи, Раушан Даутова, Марина Стрелковская, Гүлмира Олжатай, Дулат Абетжанов, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері облыс тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылауға белсене қатысты.