КӘСІПОРЫНҒА БАРУ

Бүгін облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Уразбаев Сайлау, Джусупова Нагимаш, Дяк Аурика облыстағы қайта өңдеу нысандарының дамуына мониторинг жүргізу мақсатында салынып жатқан ШОБ нысандарын - жаңа диірмен құрылысы жүріп жатқан «Ұлан»ФШұн тарту кәсіпорнын және элеватор құрылысы жүргізіліп жатқан «АсланЖШС»аралады. Аталған кәсіпорындардың басшылары депутаттарды құрылыс барысымен және осы жобалардың перспективаларымен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар пікір алмасып, кәсіпкерлерге өз тілектерін білдірді.