Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жасыл желектер бойынша мониторинг
07-06-2022 16:42
Жасыл желектер бойынша мониторинг

Бүгін облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары мен мүшелері Чидунчи Ирина, Абетжанов Дулат, Стрелковская Марина Павлодар қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Калиакбаров Арсланмен және «InlisiveService» ЖШС, «Аяулы-Алакан» ҚБ мердігерлік ұйымдарымен бірлесіп, өңірді көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру мониторингін жүргізіп, жасыл қордың сақталуын және оны қалпына келтіруді бақылады.

Мониторинг Орталық жағалауға, Луговая көшесі 16, «Құлагер» ипподромы ауданы және Усолка шағын ауданына іргелес аумақта жүзеге асырылды. «Құлагер» Ипподром ауданында жақында қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдар отырғызылды, көшеттердің көп бөлігі сәтті тамыр алды.Усолка шағын ауданында депутаттар құрғақ ағаштарды бөлшектеуді, ал «Ertis Olympic» бассейнінің аумағында және Теплов көшесінің бойында көгалдарды абаттандыруды қарастыруды ұсынды.  ТКШ бөлімі басшысының ақпараты бойынша Павлодар қаласында ағаштарды отырғызу толық көлемде аяқталды, барлық қажетті техника бар, тұрақты суару жүргізіледі.

Депутаттар қаланы абаттандыру бойынша жоспарларды және көгалдандыру бойынша бюджетті қалыптастыру кезінде суару мерзімдерін және қажетті тыңайтқыштарды қолдануды көздей отырып, отырғызу материалдарын жаңартуды ескеру қажет екенін атап өтті.

Чидунчи Ирина біздің қаламыздың жасыл аймақтарын бақылауды және тиісті күтімді қамтамасыз ету үшін рейдтер тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.