Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНАН
08-06-2022 17:02
 КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНАН

Облыстық мәслихаттың депутаты Сайлау Уразбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын қолдау қорытындылары, жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру шаралары қаралды.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының мәліметінше, егіс жұмыстары толығымен аяқталды. Мемлекеттік қолдау шаралары уақтылы қамтамасыз етілді, техника мерзімінде дайындалды. Мұның бәрі ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне барлық жұмыстарды уақытында аяқтауға мүмкіндік берді. 

Жерді пайдалануға қатысты. Облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың космомониторинг жүйесі Qoldau.kz веб-порталда қолданылады, нәтижесінде 172,4 мың га пайдаланылмаған тыңайған жерлер анықталды. Бүгінгі таңда оларды мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.