Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Екі комиссияның бірлескен отырысы
09-06-2022 16:43
Екі комиссияның бірлескен отырысы

Ағымдағы жылдың 9 маусымында облыстық мәслихаттың экономика және бюджет, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тохтарханов депутаттарға салық саясатын жүзеге асыру, түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету және облыс бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша қосымша резервтерді іздестіру туралы баяндады. Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы депутаттар Айгерим Кабылтаева мен Ильяс Курамысов - жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары және экология басқармаларының басшылары есеп берді. Депутаттарды облыстық бюджетке бересіні өтеу, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеу, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы алу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу және т.б. мәселелер қызықтырды.

Барлық мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.