Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Сынап мониторингі
15-06-2022 15:48
Сынап мониторингі

Облыстық мәслихаттың депутаты, Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ирина Чидунчи Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкілдері Төлеутаев Сағынмен және Әлішов Ансармен бірлесіп табиғатты қорғау іс-шаралары шеңберінде сынап мониторингі бойынша сынамаларды іріктеуге қатысты.Мониторингтің негізгі мақсаты-жүргізілген демеркуризациялық жұмыстардан кейін қалыптасқан қоршаған орта объектілерінде сынап құрамының деңгейін анықтау болып табылады. Сынап мониторингінің бағдарламасына сәйкес Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағы ауданында атмосфералық ауаның, топырақтың, жер асты және жер үсті суларының жай-күйіне бақылау жүргізіледі. Сынап ластануына ұшыраған аумақта қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін бақылау мен сынапты мониторингілеуді жүзеге асыру мақсатында режимдік бақылау ұңғымалары мен сынап құрамының өзгеруін бақылау нүктелерінің желісі құрылды.

Ағымдағы жылы жыл сайынғы сынап мониторингі бойынша жұмыстар «GIO Trade» ЖШС аккредиттелген зертханасында (4,7 млн.теңге) бұрын өзектендірілген бағдарлама бойынша жүргізіледі. 2022 жылдың есептік кезеңінде атмосфералық ауаға-15 сынама, жер асты суларына – 151 сынама, қарға – 10 сынама, топыраққа - 12 зертханалық - аспаптық зерттеулер жүргізілді.

Жоспарланған сынамаларды іріктеу 298 сынаманы құрайды (атмосфералық ауаның 75 сынамасы, топырақтың 24 сынамасы, жер үсті суларының 16 сынамасы, жер асты суларының 143 сынамасы, балық пен суда жүзетін құстардың биологиялық үлгілерінің 21 сынамасы, адамдардың биологиялық үлгілерінің 9 сынамасы (шаш), қар жамылғысында 10 сынама алу, 15 бақылау ұңғымасын қалпына келтіру).

Мүдделі диалог болды. Проблемалық аспектілерді талқылап, алдағы жоспарларды белгіледі.