Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы
16-06-2022 18:11
  Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Болат Аманжоловтың төрағалық етуімен экономика және бюджет мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының өткен жылғы облыстық бюджеттің атқарылу мәселелерін қарау жөніндегі кеңейтілген отырысы, Облыстың тексеру комиссиясының 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері, Павлодар облысының 2021-2025 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есебі (қорытындысы) өтті. Сонымен қатар, депутаттар 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырды.

 Бұл мәселелер облыстық мәслихат сессиясында қарауға ұсынылды, тұрақты комиссияның тиісті қаулылары қабылданды.