Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
22 маусым, сәрсенбі күні VII сайланған облыстық мәслихаттың XIII кезекті сессиясы өтеді
17-06-2022 12:39

Сәрсенбі, 22 маусым, сағат 10:00-де, мәжіліс залында (Ак.Сәтпаев көшесі, 49, мәжіліс залында) VII сайланған облыстық мәслихаттың XIII кезекті сессиясы өтеді.              

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.

Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 104/9 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Облыста қоршаған ортаны және экологияны қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы.

Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 526/43 «Павлодар облысы бойынша 2020-2022 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер туралы.

Облыстық мәслихаттың XIII сессиясының тікелей көрсетілімін сайттан қараңыз www.oblmaslihat.pavlodar.gov.kz, ресми арна https://aitube.page.link/ihV1