Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Қоғамдық мониторинг жүргізу туралы
21-06-2022 17:24
Қоғамдық мониторинг жүргізу туралы
 
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды бағалау бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу шеңберінде 2022 жылғы 20 маусымда Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері Дубовицкий Юрий, Казылова Гүлзира, Левченко Владимир, Науразбаева Гүлбарам, Регатунова Марина және Туғанбай Асылбек «Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК-да болды. 
Колледждің материалдық-техникалық базасымен, студенттердің оқу, тұру және демалу жағдайларымен танысу мақсатында колледж басшылығымен экскурсия ұйымдастырылды, колледж студенттерімен кездесу өткізілді. 
Қоғамдық кеңес мүшелері ауылдық колледждерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Себебі ауыл тұрғындары үшін колледжде тұрғылықты жері бойынша оқу арнайы білім алудың және бірден жұмысқа орналасудың жалғыз нақты мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ, ауылдық аграрлық колледждердің деңгейін көтеру қажет екенін атап өтті.