Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Сессия 2021 жылға арналған бюджеттің орындалуын қарастырды
22-06-2022 15:08
Сессия 2021 жылға арналған бюджеттің орындалуын қарастырды

Ағымдағы жылдың 22 маусымында облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткеновтің төрағалығымен Павлодар облыстық мәслихатының кезекті XIII сессиясы өтті, онда 13 мәселе қаралды.Олардың негізгілері 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуына қатысты болды, 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс бойынша Тексеру комиссиясының қорытындылары, облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы, қоршаған ортаны және экологияны қорғау бойынша облыста жүргізілетін жұмыстар және т.б. мәселелерге қатысты болды.

Бірінші мәселе бойынша депутаттарға облыс әкімінің бірінші орынбасары О.П. Крук баяндады, ол облыстық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 103,4% - кеорындалғанын және 52 млрд. теңгені құрағанын атап өтті. 2020 жылмен салыстырғанда кірістер 10,9 млрд.теңгеге немесе 26,8% - ке ұлғайды.Жоспарлы мәндерге табыстың барлық түрлері бойынша қол жеткізілді. Бюджет шығыстары 358,6 млрд. теңгеге орындалып, 99,3% - тіқұрады.Әлеуметтік міндеттемелерді іске асыруға бюджет қаражатының 50% - і немесе шамамен 174 млрд.теңге бағытталды. Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы 13,5 мыңға жуық тұрақты және 10 мың уақытша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы мақсаттарға бөлінген 8,3 млрд. теңге техникалық және кәсіптік білім алуға, бизнес идеяларды іске асыруға гранттар алуға бағытталды, қоныс аударушыларға көшуге субсидиялар төленді. Аумақтарды дамыту Бағдарламасын іске асыруға 3 стратегиялық бағыт бойынша 23 нысаналы индикаторға қол жеткізуге 87 млрд.теңге бөлінді. 169 іс-шара іске асырылды, бөлінген қаражаттың 97,5% игерілді. 2021 жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бюджеттен 22,6 млрд.теңге бөлінді. Депутаттарды бюджет қаражатын игермеу, кең таралған табиғи қазбаларды лицензиясыз өндіру, Павлодар қаласындағы оқушылар орындары бойынша және бюджет заңнамасын бұзу бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің қорытындысы бойынша алдын алу шараларын қабылдау мәселелері қызықтырды.

Бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі бойынша депутаттарға экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук баяндады. Ол республикалық бюджеттен қаражат 23,5 млрд. теңгеге, облыстық бюджет есебінен 4,2 млрд. теңгеге ұлғайтылғанын атап өтті. Бірінші кезекте, шығындар оқу жүктемесінің азаюына байланысты мектептердегі ұстаздарға еңбекақы төлеуге бағытталатын болады. Балалар жылы аясында спорттық және шығармашылық тапсырысты қаржыландыруды жалғастыру жоспарлануда. Бұдан басқа, қаражат әлеуметтік салаға, «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде ауыл шаруашылығы және көлік инфрақұрылымы саласына қосымша 9 ауылды жаңғыртуға (3,0 мың халқы бар) бағытталатын болады.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі мен өртке қарсы қызметін жарақтандыруға 51 млн. т. бағыттау жоспарлануда.

Енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, нақтыланған облыстық бюджеттің көлемі 439,7 млрд.теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер – 134,0 млрд. теңгені құрайды. 

Барлық қаралған мәселелер бойынша сессия шешімдері қабылданды.