Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Тұрақты комиссия отырысынан
01-08-2022 16:11
Тұрақты комиссия отырысынан

Облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Нұрханованың төрағалығымен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Депутаттар Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы мәселені қарады.

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тауасқан Медет Павлодар қаласының 17 көшесін қайта атау бойынша жүргізілген рәсім туралы, халықтың пікірін ескеру үшін жария тыңдаулар өткізу туралы баяндады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысы бар. Қалалық мәслихат пен қала әкімдігінің депутаттары бірлескен оң шешім қабылдады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері ұсынылған жобаны облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қарау үшін ұсынды.