Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодар қаласындағы қысқа дайындық
01-08-2022 18:13
 Павлодар қаласындағы қысқа дайындық

Ағымдағы жылғы 29 шілдеде облыстық мәслихат депутаттары Болат Аманжолов пен Гүлмира Нұржанова Павлодар қаласының ЖЭО-2 станциясындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Зауыт директоры Владимир Шевцов депутаттарға жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. Депутаттар қазандық және турбиналық цехтарда, орталық басқару пунктінде болды.Биіктігі 100 метр болатын станцияның негізгі құбырының жөнделуімен танысты.

Депутаттарды қазандықтарды жөндеу, жылу берудің температуралық режимі, кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы және ЖЭО үшін кадрлар даярлауға байланысты мәселелер қызықтырды.