Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Ақсу қаласындағы жылумен жабдықтау объектілерінің мониторингі
01-08-2022 14:31
Ақсу қаласындағы жылумен жабдықтау объектілерінің мониторингі

1 тамызда Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов және депутаттар Виталий Соломкин, Павел Яровенко және Ирина Чидунчи Ақсу қаласының бірқатар жылумен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық объектілеріне кезекті жылу беру маусымына дайындық мониторингі шеңберінде барды.

Көптеген жылдар бойы Ақсу қаласындағы стратегиялық міндетті «Қазхром»ТҰК»АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының қазандығы шешеді. Қазіргі уақытта кестеге сәйкес кәсіпорынның қазандығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тарихи тұрғыдан алғанда, қазандық өзінің инфрақұрылымын ғана емес, Ақсу қаласының әлеуметтік нысандарын да жылытады.

Жұмыс сапары барысында қалалық жылыту қазандығының іске қосу-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жаңа қазандықты іске қосу ағымдағы жылдың 15 тамызына жоспарланған. Мердігер ұйым «KBIEnergy» ЖШС.⠀Аталған нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында салынды.

Депутаттар білім беру объектілерінің құрылысы мен жөнделуіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап № 4 жалпы орта білім беретін мектепте «Заманауи мектеп» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Объектіге шығу сәтінде бекітілген мерзімдерден артта қалушылық тіркелді. Жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді.

Депутаттар құрылыс және әлеуметтік нысандарға шығыс мониторинг жүргізуді жалғастырады