Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Экономика және бюджет комиссиясының отырысынан
03-08-2022 09:58
Экономика және бюджет комиссиясының отырысынан

Ағымдағы жылдың 2 маусымында облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов қатысты. Өңір экономикасына инвестициялар тартуға және азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарға облыстық бюджеттен қаражат бөлуге қатысты екі мәселе қаралды. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының  м.а. Сағыныш Нуркимбаев соңғы 5 жылда өңір экономикасына шамамен 2,5 трлн. теңгеинвестицияланғанын атап өтті. 2 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 28 негізгі жоба пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында негізгі капиталға 250,0 млрд.теңге инвестиция тартылды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4% - кеөсу қамтамасыз етілді. 2022 жылы жалпы сомасы 46,0 млрд.теңгеге, 500-ден астам жұмыс орнын құрумен 66 жобаны іске қосу жоспарланған.

«Павлодар»еркін экономикалық аймағының өкілі қосымша баяндама жасап, депутаттарға 2011 жылдан бастап инженерлік инфрақұрылымы, ерекше преференциялық, салықтық және кедендік режимі бар инвестициялық алаң жұмыс істейтінін хабарлады. «Павлодар»АЭА аумағына салынған инвестициялардың жалпы сомасы 86,2 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде ағымдағы жылы 1,3 млрд. теңге. АЭА-ның 40 қатысушысы тіркелген, 18 өндіріс пайдалануға берілген, қалғандары іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде. Қазіргі уақытта алыс және жақын шетелдің 12 еліне экспортталатын 100-ден астам өнім түрлері шығарылады. АЭА әрекет ету кезінде бюджет қаражатын салу тиімділігінің деңгейі жеке инвестициялардың 10 теңгесіне 1 бюджеттік теңгені құрайды.Депутаттар жалпы көлемдегі шетелдік инвестициялар үлесіне, өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларға, экологиялық құрамдас бөлікке және т. б. қатысты мәселелерді қызықтырды. 

Екінші мәселе бойынша депутаттарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситказинов баяндады.

Депутаттар қаралып отырған мәселелер бойынша қаулылар қабылдап, оларды кезекті сессияда қарау үшін ұсынды.