Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Экология жөніндегі комиссия
05-08-2022 12:34
Экология жөніндегі комиссия

2022 жылғы 4 тамызда облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Жұмыс сапары «Экология департаменті» ММ талдау зертханасы жүзеге асырған бірқатар химиялық элементтерді ұстауға Торайғыр және Жасыбай көлдерінен су сынамаларын алудан басталды. Тұрақты комиссия Баянауыл ауданының қолданыстағы ҚТҚ полигонында болып, бірқатар проблемалық мәселелер белгіленді.

Көшпелі кеңес академик Қ. И. Сәтбаев атындағы мұражайдың мәжіліс залында өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: жұмыс істеп тұрған ҚТҚ полигонының ағымдағы жағдайы туралы және Баянауыл ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша шаралар қабылдау, Жасыбай демалыс аймағында экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманы сақтау, Баянауыл ауданы аумағында табиғи қазбаларды заңсыз алу фактілерін анықтау туралы.

Кеңеске облыстық мәслихат депутаттары Ирина Чидунчи, Раушан Даумова, Гүлмира Олжатай, Айнар Оспанов, Марина Стрелсковская, Света Абдраманова, Дулат Әбетжанов, сондай-ақ Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожинов, Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылдаева, Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысының м. а. Әскер Анапинов, аудандық мәслихат депутаттары, Баянауыл ауданының бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, аудан жұртшылығының өкілдері Орал Сартаев, Байболат Ибраев, Айбат Ыдырысов және басқалар қатысты.

Отырыс соңында ынтымақтастықтың бірлескен бағыттары талқыланып, әзірленді.