Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстың ардагерлер ұйымына 40 жыл
11-08-2022 17:09
Облыстың ардагерлер ұйымына 40 жыл

Бүгін Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Нұрмұханұлы Айткенов республикалық ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл және Павлодар облысының ардагерлер ұйымының 40 жылдығына арналған облыстық ардагерлер кеңесі пленумының жұмысына қатысты.

Ернұр Нұрмұханұлы өз сөзінде ардагерлер қозғалысы облыстағы ең маңызды қоғамдық күштердің бірі екенін атап өтті. «Біз сіздің даналығыңызды, қадір - қасиетіңізді, саяси және әлеуметтік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша азаматтық ұстанымыңызды жоғары бағалаймыз», - деді депутат.

Ардагерлер тарихи жадыны сақтау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, мәдениет пен тілді рухани жаңғырту бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Пленумда өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалог өтті. Саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға, мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін және облыстың ардагерлер қозғалысының 40 жылдығына байланысты Ернұр Нұрмұханұлы ардагерлер тобына Павлодар облыстық мәслихатының Алғыс хаттарын табыс етті.