Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттардың Павлодар қаласының Теміржолшылар кентіне шығуы
17-08-2022 18:06
Депутаттардың Павлодар қаласының Теміржолшылар кентіне шығуы

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов «AMANAT»  партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченкомен және облыстық мәслихаттың депутаты Ирина Чидунчимен бірге Павлодар қаласының  Теміржолшылар кентіндегі 210 орындық шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің құрылысын тексерді.

Аталған нысанның мердігері «Балқаш жібек жолы» ЖШС болып табылады. Құрылыс материалдары мен жұмысшылардың болуына қарамастан, кестеден артта қалу тәуекелі бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытта құрылыс материалдардың сапасы бойынша шағымдар мен ескертулер анықталған жоқ.

17.08.2022 ж. жағдай бойынша нысанбойынша ішкі-әрлеу жұмыстары: сырлау, еден жабынын төсеу,сонымен қатар мектепті абаттандыру және қоршау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер барлық жұмыстарды аяқтауға және нысандыағымдағы жылдың 31 тамызында өткізуге міндеттенеді.

Барлық білім беру нысандары облыстық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында. Біз үшін құрылыс және күрделі жөндеу бойынша барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталғаны және 1 қыркүйекте Павлодар өңірінің оқушылары жаңа және жөнделген мектептеоқу жылын қарсы алғандарыөте маңызды.